Текст
2025 жылғы 1 қыркүйекте Бурабай ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері мектебімізге келіп, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Назар аударыңыз, балалар!» атты профилактикалық акция аясында полицейлер маңызды тақырыптар бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді:
• жол қауіпсіздігі ережелері;
• қоғамда өзін-өзі ұстау мәдениеті;
• буллингтің және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.