Текст
Бүгін мектебімізде мектептік өзін-өзі басқару жиналысы өтті.
Кездесуде оқушыларға алдағы уақытта өтетін мектеп президентін сайлау туралы айтылып, оның өткізу тәртібі мен кандидаттар талқыланды. Соымен қатар қатысушылар жаңа оқу жылына арналған жоспарлар мен идеяларды белгіледі: мектептік іс-шараларды ұйымдастыру, волонтерлік акциялар және оқушы активін дамытуға бағытталған жобалар.
Мектептік өзін-өзі басқару – оқушыларға бастама көтеруге, өз идеяларын жүзеге асыруға және мектеп өміріне үлес қосуға тамаша мүмкіндік.