Текст
1а,1Б, 1В сынып оқушылары үшін №1 мектеп-гимназиясының кітапханасында экскурсия өткізілді. Мектеп кітапханашысы жас оқырмандарға кітапхана не үшін қажет екенін айтып берді, кітапханадағы тәртіп ережелерімен, кітаппен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Балалар әр кітаптың өз сөресі бар екенін көрді. Бірінші сынып оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді. Экскурсия соңында барлық балалар жақсы және ұқыпты оқырман болуға және кітаптар әлеміне жиі келуге уәде берді.