28 сәуір күні №1 мектеп — гимназиясының кітапханашысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Қазақстан бірлігі - халықтардың достығында" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру; балаларды бір-біріне көмектесуге, адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету; әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Сынып сағатының басында балалар бір-бірімен әр түрлі тілдерде амандасты. Кітапханашы Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесінің шығу тегі және бұл бейбітшілік ,еңбек және достық мерекесі туралы айтып берді. Халықтар достығы туралы қысқа метражды бейнеролик көрсетті. Оқушылар халықтар достығы туралы өлеңдер оқыды. Балалар викторинаға қатысып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Қорытындылай келгенде, балалар кесілген көгершіндерге достарына, отбасыларына және біздің Қазақстанға ізгі тілектерін жазды.
Кітапханашы: Помалюк Д.О.