Денсаулықты сақтау-тәрбиешінің маңызды жұмысы.
Балалардың –өмірге деген құштарлығы, көңілділігі,
ақыл-ойдың дамуы, білім беріктігі және өз күшіне сенуі
олардың рухани өміріне, дүниетанымына байланысты.
В А.Сухомлинский
Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу аясында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп – гимназиясы» КММ-де 2022 жылғы 07 сәуірде «Біз денсаулық және қауіпсіздік үшін» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары әлеуметтік педагог- А. Т. Байкенова және психолог Н.В.Юдинцева.
Бұл іс – шараның мақсаты-оқушылардың зиянды әдеттерге тәуелділікке тартылу санын азайту және білім беру мекемесінің оқушылары арасында олардың алдын алу мәселесіне назар аударуды арттыру. Өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру және дамыту.
Іс - шара қызықты өтті, балалар «Дұрыс-дұрыс емес» жаттығуы барысында өздерінің хабардарлығын көрсете білді, өз ұстанымдарын білдірді ,өз көзқарасын қорғады. Мектеп психологы Н.В.Юдинцева балаларға «Ортақ іс» жобасының фильмдерін көруді ұсынды:
Манипуляция құпиялары. Алкоголь;
Манипуляция құпиялары. Темекі.
Манипуляция құпиялары.Есірткі.
Дайындаған: әлеуметтік педагог А.Т. Байкенова