Текст
25.01.2021 ж.гуманитарлық цикл пәндерінің онкүндігі аясында Трихина Я. В. орыс әдебиетінен «И. А. Крыловтың мысалдары бойынша жалпылау» атты қашықтықтан ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында топтық жұмыс ұйымдастырылды, онда оқушылар LearningApps сервисінде интерактивті тапсырманы орындады, теориялық материал бойынша сұрақтарға жауап берді, кейбір мысалдардың ерекшеліктерін атап өтті. Сабақ соңында жеке тапсырма берілді (Онлайн мектеп платформасында құрылған интерактивті тест). Сабақ жақсы эмоционалды деңгейде өтті, оқушылар белсенді жұмыс істеді, сұрақтарға жауап берді, Padlet интерактивті тақтасының көмегімен өткізілген рефлексияда өз әсерлерімен бөлісті.