Текст
«Дарын» республикалық орталығы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп 2021 жылдың 1-3 наурыз аралығында жыл сайынғы дәстүрге айналған Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобаларының байқауын өткізді. Байқауға Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 166 жобамен 218 оқушы қатысты. Зерттеу жобалары байқауының қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен және ҚР Білім және ғылым министрінің қола медалімен «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының» КММ 11-сынып оқушысы Нұрпанова Риза, жоба жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Мұсаипова Әлия Қайыркенқызы марапатталды. Жарқын және лайықты жеңіспен құттықтаймыз!