Текст
02 тамыз 2021 жылы №1 мектеп-гимназиясында болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған "Балақайлар мектебі" өз жұмысын бастайды. Даярлық курстарының мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. Сабақ сағат 9.00 де басталып - 11.30 да аяқталады. Сабақтың ұзақтығы - 30 мин.