Текст
"Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ 14 қазан күні 5-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері 18 қазан - Рухани келісім күні тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Ұлтына, дініне, жынысы мен нәсіліне, жасы мен нанымына қарамастан, біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бәрімізді біріктіретін бұл бірлік пен келісім мерекесі. Біздің әрқайсымыз үшін Қазақстан-ортақ үйіміз!