2022 жылдың 13 қаңтарында «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ сынып жетекшілерінің ӘБ отырысы өткізілді. Отырыс басында педагогтер ұжымы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында айтылған өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бастамаларын қолдады. Содан кейін келесі мәселелер қаралды:
1. ҚР БҒМ №472 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылының 2 - ші жартыжылдығына арналған ТЖ жоспарларын түзету.
2. Сынып жетекшілерінің жұмысы бойынша өз білімін жетілдіру.
3. 2021-2022 оқу жылының 1-ші жартыжылдығындағы сынып жетекшілерінің жұмысын талдау.
4. Келесі оқу жартыжылдығында сынып жетекшілерінің оқушылармен және ата-аналармен жұмыс жүйесіндегі өзекті міндеттер.