"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы

26.02.2022

2022 жылдың 24 ақпанында "Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ "Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұтас педагогикалық үдерістің негізі" тақырыбында  "Өзін - өзі тану" пәні мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы өткізілді. Өткізу формасы: ZOOM платформасында байланыс сағаты. Мақсаты: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде "Өзін – өзі тану" рухани-адамгершілік білім беруді дамыту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар-практикум мынадай блоктардан тұрды: Позитивті көңіл-күй;

I. Блок Дайындық бөлімі.

II Блок. "Өзін-өзі тану"пәнінің құрылымдық-мазмұндық аспектісі.

Өзін-өзі тану сабақтарында Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі мұғалімнің рөлі;

"Өз кәсібіңді табу" тақырыбындағы  өзін-өзі тану сабағының үзіндісі, 8-сынып.

III Блок. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциялау.

IV Блок. Ата-аналармен жұмыс. Мастер-класс. Ата-аналар жиналысы:

"Балалардың жан дүниесіне мейірімділік себу".

V. Рефлексия.

VI. Семинар қорытындысы.

Семинардың спикері жоғары санатты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, мектеп директоры Любовь Васильевна Ткачева болды. Модераторлар: Б.Н.Абдульманова  - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Н.В.Юдинцева   - өзін-өзі тану мұғалімдері ӘБ жетекшісі, зерттеуші-мұғалім;

Н.С.Жандыбаева   - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, модератор-мұғалім.

Іс - шараға қатысушыларға өткізілген семинар-практикум өте пайдалы болды және жоғары деңгейде бағаланды.

Просмотров: 554


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст