"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап – рухани қазына»

26.02.2019

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Өйткені, кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтан,келер ұрпаққа қалатын рухани өсиеті, сарқылмас білім қазынасы.
Осыған орай, ақпанның 22-ші жұлдызында Щучинск қаласының №1  мектеп-гимназия кітапханасында жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін әдеби-кеш ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары Сауле Қоныспайқызы мен Гүлдана Қайратқызы бірінші сынып оқушыларына «Оқырман қатарына қабылдау» әдеби кешін өткізді.
Бұл аталмыш іс-шараның мақсаты:жас оқырмандардың кітап әлеміне еркін енуге септігін тигізу, рухани байлықты арттыру, кітаптың құндылығын ұғындыру, оны жыртпауға, сызбауға, боямауға, ұқыпты ұстауға үйрету болатын.
Жас оқырмандарымыз кітапты ұқыпты ұстау ережелерімен танысты, түрлі викториналық сұрақтарына жауап бере отырып, белсене қатысты.  Әдеби-кешіміздің басты кейіпкерлері 5 «В» сынып оқушылары болды. Олар көпшіліктің назарын өздерінің қойылымдарымен жандандыра түсірді. Сондай-ақ кешіміздің басты қонақтары құр алақан келмей, өздерімен бірге ән, өлең, билерін ала келді.
Ұйымдастырылған әдеби-шарамыз өте қызықты, әрі позитивті нотада өтті.

№1 мектеп-гимназия  кітапханашысы Салықова Гүлдана

 

Просмотров: 684


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст