Ақпанның 25-ші жұлдызында Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясында жыл сайынғы аудандық мектепаралық «Ақмола жұлдыздары» көркем өнер шығармашылығы байқауы өтті. Бұл шығармашылық байқауға мектеп ұжымы және оқушылары белсене қатысты. Әдетте, байқау өз деңгейінде жақсы өтті. Шығармашылық байқаудың жоспарына сәйкес барлық бағыттар үйлестірілді.
Соның ішінде, көрмелер, әсем ән мен әуенді күйлер, дәстүрлі әрі замануи тұрғыдағы билер, жүрекпен жеткізілген өлең шумақтары келген қонақтарымыздың назарын ерекше әсергебөледі.
Елбасымыз биыл жастар үшін жаңа бағдарламаны іске қоса отырып, болашақ жастарымызға үлкен мүмкіншілікке қол жеткізуге жол ашты. Демек «2019 жыл – Жастар жылы» деп белгіледі. Осы орайда, мектеп кітапханашылары «Ел ертеңі – болашақ жастар» атты тақырыптық кітап-көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмеде көптеген қызықты ақпараттар, танымды кітаптар, әрі жастардың кемелденуіне әрі өз жоспарын жүзеге асыруға бағыттайтын түрлі көмек құралдар мен журналдар кеңінен ұсынылды.
Байқау басталмас бұрын жас оқырмандарымызкөрмені қызықтап, соныменн қатар қызығушылық танытып, болашақтағы елдің көркеюіне өз үлестерін қосып қана қоймай, сондай-ақ білімді ұрпақ болатындарын айтып ой бөлісті.
№1 мектеп-гимназия кітапханашысы Салықова Гүлдана