Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты кезекті Жолдауын жолдады. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жылдың күтілетін оқиғасы. Жаңа Қазақстанды құруға деген үлкен үміт онымен байланысты. Баяндауы «Әртүрлі көзқарастар - біртұтас ұлт» ұранымен өтті. Біз мұны әртүрлі саяси көзқарастары бар адамдардың пікірін ескеру ниеті ретінде қабылдадық. Бұл әрбір қазақстандықтың ел болашағы үшін жауапкершілігін арттыратын азаматтық қоғамды жандандырудың белгісі болады. Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді ұштасуына негізделуі тиіс. Бұл еліміздің ілгері дамуын және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз. Диалог пен ымыраға келудің жоғары мәдениеті біздің еліміздегі азаматтық ынтымақтастықты нығайтудың басты факторларының бірі болады. Жаңа Қазақстан-бұл қазіргі ұрпақтың болашаққа деген өсиеті. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымыз гүлдене берсін!