"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Наурыз көктем – шуағын төккен»

19.03.2019

19 наурыз күні оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбие шеңберінің аясында Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының төрінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Наурыз көктем – шуағын төккен» атты мерекелік кеші өтті. 
Іс-шараның басты мақсаты: Наурыз мерекесін барынша насихаттау, жастарға, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау, ұлттық рухты көтеру, халық арасындағы достықты нығайту болып табылды. 
Көктемнің шуақты мерекесіне белсенділік танытқан «3Б» сынып оқушылары ғана емес, сонымен қатар  ата-аналары да ат салыса қатысты. Аталмыш шараның басты кейіпкері Қыдыр Ата өзінің ақ батасын жаудыра айтып, ізгі тілегін білдірсе, ақ жаулықты әжеміз қазақтың тәтті ырымынан көрініс көрсетіп, шашудан шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.
Кешті ұйымдастырған мектеп кітапханашылары әз-Наурыз мейрамының шығу тарихы сынды,  сондай-ақ өзге де ұлт өкілдерінің тұспа-тұс келген жаңару күні жайлы және олардың әдет-ғұрыптарын арнайы музыкалық, танымды қойылымдары арқылы кеңінен таныстырып өтті. 
Айта кету керек, іс-шара барысында  орыс, украина, өзбек халықтарының тәтті, мол дастархандары жайылып, келген қонақтарды дәмді астарымен қарсы алды. Ал тау халқының өкілдері өздерінің «Лезгинка» жалынды биінен паш етіп, қалың көрермендерді жандандырып, тұла бойындағы тұнып тұрған өнерлерімен барша халықты тәнті етті. Осындай атаулы күнде бірлік пен татулыққа жайылған кең дастарханымыз, барша қонақтарымыздың көңілдерін шаттыққа бөлеп, жүздерін күлкіге еріксіз орады. Қуаныштарында шек болмай, керемет әсерде болған қонақтарымыз ортаға шығып билеп те алды.
Мереке соңында жауапты болған ұстаздар қауымы, солардың ішінде үлкен жауапкершілікпен келген қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Байдусенова С.С, Умирова Г.А, «3Б» сынып жетекшісі Подпорина Н.Л,  өз оқушыларына көптеп тілектерін аямай, ұстаздық ықыластарын білдірді. Іс-шараның ойдағыдай, көңілді, әрі еш кедергісіз өтуіне, өзіндік зор үлесін қосқан музыкалық оператор Лянге Р.С-ке алғысымызды айтып кетпекпіз.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз баршаңызға құтты  болсын!

№1 мектеп-гимназия кітапханашысы Салықова Гүлдана

 

 

 

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст