2021-2022 оқу жылының көктемгі демалыс кезеңінде "Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ әлеуметтік педагог А. Т. Байкенованың және Бурабай АПБ ЖПҚ МӨБ МПҚБ инспекторы Е.К. Бекентаевтың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, қадағалаусыз қалудың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтері өткізілді. кәмелетке толмағандардың міндеттерін түсіндіру, ҚР ӘҚБтК түсіндіру, оқушылардың девиантты мінез-құлықты құқықтық санасын тәрбиелеу, заңды өкілдерсіз тұрғын үйден тыс жерде болуын бақылау. Рейдтік топ ойын-сауық мекемелеріне, интернет клубтарға, аулалар мен есепте тұрған отбасыларға барды. ҚР ӘҚБтК кәмелетке толмағандар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жоқ.