Текст
2022 жылғы 31 наурызда «Щучинск қаласының №7 мектеп – лицейі» КММ-де жалпы білім беретін мектептердің математика пәні мұғалімдерінің «Мектептердегі математикалық білім беру: проблемалар мен ұсыныстар жағдайы» облыстық форумы өтті. Форумға білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіпов, АҚ ОӘК директоры Л. С. Құрманғалиева және облыс мектептерінің педагогтары қатысты. Форумның мақсаты: облыстың білім беру ұйымдарында математиканы оқытуды жетілдіру. Аталған іс-шараға «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі К. В. Коструб қатысты.