"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОЖСБ (4,9,11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау)

21.02.2018

ОЖСБ

(4,9,11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау)

 

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) өткізіледі:

      1) бастауыш мектепте – таңдаулы түрде, оқу жетістіктерінің  мониторингі мақсатымен;

      2) негізгі мектепте – таңдаулы түрде, оқу жетістіктерінің  мониторингі мақсатымен және  оқу үрдісін ұйымдастырудың  тиімділігін бағалау;

      3) жалпы орта мектепте  – оқу жетістіктерінің  деңгейін бағалау мақсатымен;

         2012 жылдың 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің    " Білімнің сәйкес деңгейлерінің  білімнің мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарын   бекіту туралы "

 № 1080   қаулысымен бекітілген,  мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарымен қарастырылатын  оқушылардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің  оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейі  мен  білім  қызмет көрсетулерінің сапасын  анықтау    ОЖСБ-ды  өткізу мақсаты  болып табылады. ОЖСБ оқытылатын тілде кешенді тестілеу түрінде өткізіледі. Орта білім ұйымдарының тізімі жыл сайын  ҚР «Білім туралы»  Заңы 55 бабының   6 тармағына   сәйкес  білім саласындағы өкілетті органымен анықталады . Тапсырмалар саны мен түрі, сонымен қатар тестілеуге берілетін сағат саны  әр пән мен тәртіп көлеміндегі  тест спецификациясымен

анықталады. Тест спецификациясы өкілетті органмен әзірленіп бекітіледі.        Білім ұйымдарындағы  ОЖСБ –ды өткізу Ережелерін сақтауын  қадағалауды   БСҚД  жүзеге асырады. 

      ОЖСБ–ды өткізу  кезінде  Министрлік пен  БСҚД өкілетті өкілдері   тестілеу материалдарын толтыру мен  өткізу үрдісінің тәртібі туралы  оқушылармен нұсқаулықтар өткізеді.

Тест тапсыратын тұлғалар басқа тест тапсырушылармен  сөйлеспейді,  материалдармен ауыспайды және оны  әдейі бұзбайды, қағазда, электронды  және т.б. түрде ақпаратты қолданбайды.

      Тест өткен кезде тест  тапсырушы  калькулятор, анықтамалық әдебиетті(кроме таблицы Менделеевтың кестесі мен тұздардың еріту кестесінен басқа ), түзету сұйықтықты,

электронды жазу кітапшалары  мен  қабылдаушы мен қабылдайтын құралдарды устройства (оның ішінде  ұялы телефоны мен  басқа да  электронды жабдықтарды)  пайдаланбайды.

     

Тест тапсырушы Ережені бұзған жағдайда, Министрлік пен  БСҚД  өкілетті  өкілдері  тест тапсырушыны аудиториядан шығару туралы шешім қабылдайды, тыйым салынған заттарды анықтау актін құрады, тесттапсырушының нәтижесі жойылады.    

      

Аудиториядан шығу  тек дәліз бойынша кезекшінің  ілесуі арқылы  қарастырылады.      ОЖСБ  тест алушылар оқитын орта  білім ұйымында өткізіледі. 

4 сыныптарда   ОЖСБ  жыл сайын  өкілетті органымен анықталатын екі пән бойынша  қағаз жүзінде өткізіледі.

9 сыныптарда  ОЖСБ тізімі мен саны  жыл сайын  өкілетті органымен анықталатын  кешенді тестілеу түрінде , қағаз жүзінде де,  заманауи  ақпараттық

технологияларын пайдаланумен  қазақ тілі мен жалпыбілім пәндері бойынша  өткізіледі.

11 сыныптарында ОЖСБ тізімі мен саны  жыл сайын  өкілетті органымен анықталатын  кешенді тестілеу түрінде қағаз жүзінде де,  заманауи  ақпараттық технологияларын пайдаланумен  үш пән бойынша өткізіледі.

 Орта білім ұйымдарында ОЖСБ  өткізу үшін   тест тапсырмаларының мазмұны  аясынан шықпай   жалпыбілім оқу бағдарламалардың  негізінде әзірленеді.

 

Смоленцева Н.К.,

оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары

Просмотров: 957


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст