Текст
13.12.17.- күні апталықтың үшінші күні «Қазақ халқының ұлттық ойындарына»- арналды.
Бастауыш сыныптармен ұлттық ойындар өтті. Ата-аналарға тапсырмалар берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шаралар берді. Бралинова М.Ж. 7 «Б» сыныпта «Киім кию мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта қазақ тілін игерту мақсатында түрлі технологияның элементтерін қолданды.
Жас ұстаз Жанахметова Гүлназ 4 «В» сыныпта оқушылармен интеллектуалды ойын өткізді. Оқушылар қызығып қатысты.
Апталықтың үшінші күні де жоғары деңгейде өтті.