"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.09.2017

Биылғы жылы 2017 жылдың 17 қыркүйек күні елімізде – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесі тойланды.

8 қыркүйек күні №1 мектеп – гимназиясының салтанат залында осы мерекенің декадасының ашылуы өтті. Дәстүр бойынша жыл сайын біздің мектебімізде мерекеге арналған салтанатты жиын өткізіледі. Салтанатты жиын №1 мектеп- гимназиясының «Достык» БҰ көшбасшыларымен үш тілде өткізілді: Сердюк Регина –орыс тілінде, АйтыбаеваСания–қазақ тілінде, Рахимбаева Малика –ағылшын тілінде. Салтанатты жиында ағылшын тілінің мұғалімі ХасеноваАдияМадиевнаҚазақстан халықтарының тілдер күнімен құттықтады. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдениеті мен тілдерін сыйлауға, патриотизм мен толеранттік рухында өскелен ұрпақты тәрбиелеу мақсатында АдияМадиевнақыркүйектің 8–нен 15–не дейін өтетін онкүндікке оқушыларды белсенді қатысуға шақырды. Әр тіл – бір тұтас әлем. Тіл – тек оқу үшін ғана зат емес, ол – халықтың тірі жаны, оның естелігі, құндылығы. Әр қайсымызда ол махаббатты, сүйіспеншілікті, жылы қатынасты таныту тиіс. Сонымен қатар АдияМадиевнатілдерді оқу өзектігі туралы айтып кетті: қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде, ағылшын тілі халықаралық тіл ретінде. Салтанатты жиында 6Б сыныбының оқушысы Дадоян Мериармян тілінде «Аястони, Норпатани» әнін орындап құттықтады.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст