"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірыңғай республикалық жалпымектеп ата- аналар жиналысының хаттамасы

16.05.2017

Бірыңғай 

республикалық жалпымектеп ата- аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

2017 жылдың 12 мамыры

Қатысты  152 ата- ана

Жиналысқа шақыртылған:

1. БаганалиноваРаушанБулатовна, Ақмола облысының білім басқармасының ОӘК әдіскері.

2. Алиева Сауле Сагитовна,Ақмола облысының білім басқармасының ОӘК әдіскері.

3.Ташпенова АсемАмирхановна, Бурабай ауданының ББ маманы.

4. Абдрахманова Клара Болатовна, Бурабай ауданының ББ маманы.

  Жиналыстың күн тәртібі:

1.    «Қамқоршылық кеңесі туралы, демеушілік пен қайырымдылық туралы» - мектеп  директоры Л.В.Тюкачева.

2.     « ҰБТ жаңа форматы туралы, аралық және қорытынды аттестациясын өткізу туралы» - ОІЖдиректордың орынбасары Н.К.Смоленцева.

3.     « ҰБТ мен аралық және қорытынды аттестациясын  тапсыру кезіндегі психологическаяқолдау»- мектеп  психологы Е.В.Боргуль

4.     «Алдын алу. Жаупкершілік. Қауіпсіздік» - ТЖ бойынша директордың орынбасары  Б.Н.Абдульманова.

5.     Реализация ««Жаз-2017 бағдарламасын»  жүзеге асыру - ТЖ бойынша директордың орынбасары  Б.Н.Абдульманова.

6.    Әртүрлі. Қорытынды  – мектеп директоры Л.В.Тюкачева.

Сөз сөйлегендер:

1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесі туралы, демеушілік пен  қайырымдылық туралы баяндамамен мектеп

директоры Л.В.Тюкачева сөз сөйледі. Ол қорғаушылық кеңес қызметінің мақсаты мүмкіндігінше мектепке жан –жақты қолдау көрсету, оның ішінде  материалдық және қаржы; көмектесу,жағдай жасау, қызметі туралы ақпараттау мен насихаттау; құқықтық қамтамасыз ету, мектеп пен оның қызметкерлері мен оқушыларының құқығы мен 

мүддесін  қорғау мен қолдау болып табылатыны туралы айтып  кетті. Любовь Васильевна  мектепке қазіргі кезде

материалдық және моральды көмек көрсетіп жүрген демеушілерге алғысын айтты. Директордың баяндамасынан кейін осы тақырып бойынша бейне материал ұсынылды

2. ҰБТ жаңа форматы туралы, аралық және қорытынды

аттестациясын өткізу туралыдиректордың ОІЖ орынбасары Н.К.Смоленцева сөз сөйледі. Ол  биылғы жылы

Мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсыру туралы айтып кетті. Баяндамасында қорытынды емтихандардың тізімі, формасы мен мерзімдері белгіленген. ҰБТ  жаңа форматы туралы бейне ролик ұсынылды.

3. Е.В. Боргуль ата -аналарға емтихан тапсыру алдында балалармен өздерін қалай ұстау керек екендігін түсіндірді. Екатерина Владимировна  жасөспірімдер қолдауының ата–аналар стратегияларын оқып шықты, емтихан алдындағы

және емтихан т апсыру кезіндегі балалардың денсаулығы туралы ата –аналардың қамқор ережелерімен таныстырды.

4. Директордың ТЖ бойынша орынбасары Б.Н.Абдульмановажазғы мерзімде балалардың қауіпсіздігі мақсатымен ата – аналармен алдын алу жұмысын өткізді, сонымен қатар Интернет жүйесіне кірген кезде балаларды қадағалауды  ұсынды.

5. ««Жаз-2017 бағдарламасын»  жүзеге асыру мәселесі бойынша директордың ТЖ бойынша орынбасары Б.Н.Абдульманова сөз сөйледі.Ол жазғы мерзімдегі мектептің жұмыс тәртібі туралы айтып кетті.

6. Мектеп директорыТюкачева Л.В.  жалпы мектеп ата-аналар жиналысының қорытындысын жасап, іс- шараның қонағы -Ақмола облысының білім басқармасының ОӘК әдіскері Р.Б.Багалиноваға сөз берді. Раушан Булатовна ҰБТ тапсыру мен Қамқоршылық кеңесі  бойынша бөлек сұрақтарына түсініктеме берді. Ата-аналарға мектеппен көбірек қарым -қатынаста болуды, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуларын тіледі.Жиналыс соңында «Оқушылардың кәсіптік бағдары туралы» ролик  ұсынылды.

Просмотров: 744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст