«Әкелер мен балалар»
2017 жылдың 5 сәуір күні «Патриот» іс– шаралар аясында №1 мектеп – гимназиясында 1941-1945 жылдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 72- жылдығына орай, оқушыларда өз елі үшін мақтаныш, патриотизм сезімін,
үлкендерді сыйлауды тәрбиелеу мақсатымен, Бурабай ауданының ардагерлер Кеңесі мен тыл еңбекшілері және
соғыс ардагерлерімен «Әкелер мен балалар» атты дөңгелек үстел басында кездесу өткізілді.
Кездесуге атысқандар:
ЖумагуловМалгельдыКаиржанович – Бурабай ауданының ардагерлер Кеңесінің төрағасы, «Әкелер мен балалар» дөңгелек үстелінің жетекшілігі;
Пазыч Василий Максимович – старшина әскери-әуе күштерінің старшинасы, ұшқыш;Ұлы Отан соғысының ардагері;
Лешин Виктор Васильевич –Чернобыльапатын жоюдың қатысушысы;
Леонов Сергей Иванович – полковник, ҚР қарулы күштерінің ардагері.
Кездесудің ардақты қонақтары мен №1 мектеп –гимназиясының оқушылар арасында қызықты сұхбат өтті. Ардагерлер оқушылармен сол жылддардың бастарынан кешкен ауыр күндерін еске алып, Отан, туған ауданы мен жерлестері, қазіргі осы оқушылар үшін қосқан үлестерімен бөлісті. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің батырлық пен
ерлігіне тағзым етіп, №1мектеп –гимназиясының оқушылары,«Достык» БҰ көшбасшылары ардагерлерге мерекелік бағдарлама мен өз жүректерінің бір бөлігіндегі Ұлы Жеңіске деген құрметі мен мейірімімдерін сыйлады.