Бұлақ көрсең көзін аш.
(Мемлекеттіктілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің 2-4, 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында шығармашылық сайыс)
Елбасымыз: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»- деп бізге- ұстаздарға үлкен жауапкершілік, зор міндет артып отыр. 17 наурызда №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өзге тілді оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеруге үлкен қызығушылық тудыру мақсатымен шығармашылық конкрус өткізді.
Конкурстың мақсаты:
- мемлекеттік тілді сауатты меңгеру беделін көтеру.
- өзге ұлт өкілдерінің оқушылары мен білім алушы жастарының интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын шығармашылық әлеуетін дамыту;
- жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру идеяларын насихаттау;
1.1.Конкурстың міндеттері.
- өскелең ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне, ұлттық қолданбалы өнерге, музыка өнеріне аса маңызды рухани құндылықтар ретінде оң көзқарасының қалыптастырылуына жағдай жасау;
- қазақ тілі мен әдебиетінің, ұлттық қолданбалы өнерге, музыка өнеріне беделін және имиджін арттыру;
- жұртшылықтың назарын қазақ тілін сауатты және шығармашылық меңгерудің маңыздылығын түсінуге аудару;
- білім алушылардың өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау, олардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру;
- Қазақстанның түрлі этнос өкілдерін ұсынатын әдеби дарынды балаларға анықтау.
Конкурс төрт номинация бойыншаөткізілді.
1. «Әдеби көркем оқу» номинациясы:
а) Халық ауыз әдебиеті шығармаларынан, классикалық шығармалардан, қазақстандық ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу (жатқа) (7-10 минут, үй тапсырмасы). Бағалау кезінде мазмұн мәнерлігі, әсерленгіштігі, сахна мәдениеті,орындау сонылығы (шығармашылық тәсілі, киім киісі, декорация, музыка, слайдтары) ескерілді.
б) Мақал-мәтелдер конкурсы - «Мың бір мақал».
в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5 минут, сөйлеуге 5-7 минут).
с) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.
2. «Музыкалы қонақжай» номинациясы
а) «Әннің сиқырлы әуені»- кез келген жанрдағы әннің вокалды орындалуы. Бағалау кезінде дыбыстың тазалығы, дикциясы, сахна мәдениеті, орындау сонылығы ескерілді.
б) Мақал-мәтелдер конкурсы - «Мың бір мақал».
в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 2-3 минут
г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.
3. «Көркемдік-театрландырылған қойылым» номинациясы
а) «Үздік қойылым» - үй тапсырмасы. Бағалау кезінде идеялардың бірегейлігі мен мазмұны, көркем образдың ашылуы, сахна мәдениеті, әртістілігі тақырыптың конкурсқа сәйкестігі қаралды.
б) Мақал-мәтелдер конкурсы - «Мың бір мақал».
в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5 минут, сөйлеуге 5-7 минут).
г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.
4. «Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясы.
а) Ұлттық – қолданбалы өнер бұйымдарын көрсетеді және түсініктеме беру (үй тапсырмасы) – 5-7 минут, жеке көрме безендіргені үшінқосыма 2 ұпай.
б) Мақал-мәтелдер конкурсы - «Мың бір мақал».
в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5 минут, сөйлеуге 5-7 минут).
г) Жеке тақырып бойынша диалог - 5 минут.
Номинациялар бойынша қатысқан балалардың арасынан ауданға баратын оқушылар іріктеліп алынды. Құдай қаласа осы оқушыларымыз сәуір айында аудандық сайысқа қаысып мектептің намысын қорғайды.