21 ақпанда №1 мектеп-гимназиясында «Жалпы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында региональдық семинар болыпөтті.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С.С. Байдусенова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.В. Балашова, бастауыш мектеп мұғалімдері Н.Л. Подпорина және И.В. Акшатырова ашық сабақтар берді. Семинарда «Дөңгелек үстел»болды. Бұл «Дөңгелек үстел» С.Б. Журунтаева мен Л.В. Журбажүргізді.Семинарға қатысушылар білім беру мазмұнын жаңартудың мақсат, міндеттері, негізгі идеяларымен, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Олар оқу мақсаты, жаттығу мен табыс критерийлері арасындағы байланысты бағамдады, тренингке қатысып, үздік сабақтың белгілерін анықтады.Семинарға қатысушыларға орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы туралы толық, жан-жақты ақпарат беріліп, жалпы ерекшеліктері туралы айтылды.Шара соңында семинарлардың жұмысы қорытындыланды және мұғалімдерден кері байланыс алынды.