«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында "Үздік цифрлық білім беру контенті"байқауы өткізілді. Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша "Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ тарих пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Анар Маратқызы I орын алып, Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдері арасындағы байқауға қатысты.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша А.М. Мухамеджанова "Үздік тәжірибеші"номинациясы бойынша үздік атанды. Құттықтаймыз, әріптес! Сізге шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Абдульманова Б.Н.