"Щучинск қ. №1 мектеп-гимназия" ММ оқушылары Ұлы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеу шеңберінде "Арман" МТОТЖО, Бурабай ауданының білім бөлімі және Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырған байқауларға белсенді қатысты. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған аудандық және облыстық байқаулардың нәтижесі бойынша "Щучинск қ. №1 мектеп-гимназиясы" ММ оқушысы Сердюк Регина 11-А сынып оқушысы:
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған " Желбіре, Жеңіс жалауы!" аудандық өлеңдер байқауында I орын(жоғары топ);
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған "Жеңісіміздің естелігі" тақырыбында аудандық эссе байқауында І орын;
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Желбіре, Жеңіс туы!" атты облыстық өлеңдер байқауында қатысу сертификатымен марапатталды.
Жарайсың!