Құрметті әріптестер, ата-аналар, қымбатты балалар! Білім мен әсерге толы тағы бір жыл байқаусыз өтті. 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Құрметті әріптестер! Оқу жылы бойы сыйлаған барлық білім, сабақтар мен кеңестер үшін Сіздің шыдамдылығыңыз үшін рахмет! Біздің балалар Сіздердің арқаларыңызда ақылды және білімді болды. Мен сіздерге жақсы, толыққанды демалыс тілеймін. Жаңа оқу жылында Сіздер өз тәжірибелеріңізбен, білімдеріңізбен және көңіл-күйіңізбен бөлісулеріңізді сұраймыз.
Құрметті ата-аналар мектеп ұжымының атынан Сізге оқу процесіне көмектеріңіз үшін, балаларымызға үлгі бола отырып, қайырымды, мұқият, іскерлігіңіз үшін алғыс айтқым келеді.
Қымбатты балалар! Сіздер осы оқу жылын табысты аяқтап, жақсы нәтижелерге қол жеткіздіңіздер. Біз сіздерді, ал сідерз бізді көп нәрсеге үйреттіңіздер. Осы жыл қарапайым немесе күрделі болды ма, бірақ әрқайсымыз үшін − ойлар, қорытындылар, жоспарларға толы болды. Демалыс уақыты босқа өтпесің, Сіздерді жаңа бастауды бастауға дайын, мықты және әдемі болып қайтарсың.
Бізді қолдағаныңыз үшін, тәжірибе алмасқаныңыз үшін, қуаныштарды зерттеп біздерге көңіл-күйді көтергеніңіз үшін рахмет! Сіздер осындай қайталанбас, әртүрлі, ерекше, бірақ біз үшін барлығыңыз бірдейсіздер.
Осындай шығармашылық, мейірімді, көңілді жандарыңыз үшін рахмет. Оқу жылы бойы бізге сіздермен өте қызықты болды ! Сау және ақылды болыңыз. Ата-аналарыңызды сақтаңыздар және аяулы мектептеріңізді сүйіңіз!
Сізді күзде күтеміз.
Құттықтаумен №1 мектеп-гимназиясының директоры Л. В. Тюкачева.