«Щучинск қ. №1 мектеп – гимназиясы» ММ-де 2020 жылдың 3 маусымында 2019-2020 оқу жылының соңғы қоңырауы және волонтерлер жылына арналған "Birgemiz: ТУЛЕК 2020" 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты тапсыру рәсімі өтті. 2020 жылы мектепті 28 түлек бітірді, оның ішінде 5 «Алтын белгі» иегерлері: Бостанбаев Әмір, Базылжанова Айша, Сердюк Регина, Мусаипов Мади, Яндиев Ибрагим және 1 түлек Үздік аттестат иегері Серікбаев Орынбек. Түлектерге №1 мектеп – гимназиясының директоры Л. В. Тюкачева құттықтау сөз айтты. Содан кейін бірінші мұғалім – Лашук Г. А., 11-А сынып жетекшілері – Кашкинова Р. А., 11-Б сынып жетекшісі-Тлемисова Ш. О. құттықтады және мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.А.Бостанбаев құттықтауға қосылды. Содаң соң бірінші сынып оқушылары түлектерді мерекемен құттықтады.
Сәт сапар, түлектер!