Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес №1 мектеп –гимназиясы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша көрсетткен мемлекеттік қызметтер саны- 235,
оның ішінде қағаз түріндегі- 200
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы -0
- Мемлекеттік корпорация арқылы— 3
№1 мектеп –гимназиясы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім жалпыбілім бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштыққа байланысты емес білім ұйымына тіркеу мен құжаттарды қабылдау -195;
2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім ұйымдарын ұзақ мерзім бойы денсаулығына байланысты сабаққа қатыса алмайтын балалардың тегін үйде жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – 2;
3) Аз қамтылған отбасы балаларына мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьдерінде демалыс ұсыну үшін жолдамалар беру мен құжаттарын қабылдау - 34;
4) Негізгі орта, жалпы орта білім ұйымдарында экстернат түрінде оқыту мен рұқсаттар беру– 0;
5) Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттар көшірмесін беру– 3;
Халыққа ақпарат тарату мақсатымен №1 мектеп –гимназиясы сайтының «Мемлекеттік қызметтер» тарауында білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары, мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар мен осы қызметтерді көрсету бойынша нұсқаулықтар көрсетілген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халыққа ақпарат беру мен қолжетімділігі мақсатында №1 мектеп –гимназиясында көрнекілік ақпарат көрсетілген стенд әзірленген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.
Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» тарауы бар, мұнда стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс ақпарат көрсетілген.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мен ақпараттық технологиялар мониторинг бөлімінде » ай сайын 5 мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша жұмыс пен ішкі мониторинг бойынша есеп беріледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзушылық жоқ.
2017 жылдың басынан №1 мектеп –гимназиясы ММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша стенд ресімделген.
№1 мектеп –гимназиясының мамандары: Н.К.Смоленцева,К.Т.Буланова, С.А.Фалеева, Ш.О.Тлемисова, Б.Н.Абдульманова, Б.В.Ахмеджанова 2017 жылы «Білім саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету » тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен.
2017 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұтынушылардан шағымдар түскен емес.
№1 мектеп –гимназиясының директоры Л.В.Тюкачёва