Қазақтың тұңғыш ақыны-
Абай Құнанбаев.
Оның ұлылығынан жоғары рухты
тарихтың ерте де, кеш кезеңінде де
қазақтарға басқа ақынның есімі белгісіз.
Ахмет Байтұрсынов
24 қыркүйек күні мектеп кітапханашылары ұйымдастырған «Ұлы Абай» атты сынып сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар 175 жылдық мерейтойын бүкіл әлем атап өткен Абайдың өмірімен, шығармашылығымен, қызметімен танысты. Ақынның өлеңдері мен «Көзімнің қарасы» атты ұлы әнін тыңдады. Сынып сағаты барысында Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын білуге арналған викторина өткізілді. Викторина соңында оқушыларға белсенді қатысқаны үшін естелік сертификаттар берілді.
Кітапханашы А.С. Гусева