"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«111 шұғыл қызметі»

25.10.2020

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Nur Otan» партиясының отбасы, әйелдер және балалардың құқықтары мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жанындағы «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы өз жұмысын бастады және барлық мемлекеттік органдармен және 2324 жедел әрекет ету топтарымен тікелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтініштер «Nur Otan»партиясының өңірлік филиалдарының бақылауында.

«111 шұғыл қызметі» байланыс- орталығы балалар мен ересектер, отбасы  өмірлік қиын жағдайда қалғаны туралы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы, балалар құқықтарын бұзу туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы немесе оның өміріне, денсаулығына зорлық-зомбылық және қатыгездік жасалғаны туралы хабарлау үшін және балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, жоғары вольтты беріліс желісін, су көзін көрген жағдайда хабарлау және  көмек сұрау үшін ашылған. Егер сіз кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, балаға немесе әйелге қатысты қатыгез қарым-қатынас, зорлық-зомбылық қолданылуы, олардың құқықтары бұзылуы мүмкін екенін білсеңіз, «111» нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

 

  •  «111» нөмірі - 24/7 қызмет етеді
  •  «111» нөмірі - құпиялы
  • «111» нөмірі - тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.
  • «111 нөмірі» балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды.
  • Барлық қоңыраулар тіркеледі. Қоңырау шалушыға қандай шаралар қабылданғаны туралы Кері байланыс берілуі керек.
  • Біз әрқайсымызға баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне шамалы күдік болған кезде барынша жанашыр болу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік таныту және «111» - ге хабарлау маңызды.

Әрбіреуіміз «111» нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлап, отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола алады және болуға тиіс.

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст