«Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық компаниясы аясында «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» ММ 2020 жылдың 19 қарашасында сынып сағаттары өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың ертеңгі күнге деген сенімін қалыптастыру, оқушыларға балаға зорлық-зомбылық жасауға жол берілмейтінін, ал жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары екенін түсіндіру. Өткізілген сынып сағаттары кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы хабардар болуын арттырады деп сенгім келеді. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтары кәмелетке толмағандарды қорғау мен сақтау Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құжаты - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада қабылдаған Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қамтамасыз етілгенін білуге тиіс.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Абдульманова Б. Н., Винокурова В. С.