"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі»

23.11.2020

         23 қараша күні қазақстандық күнтізбеге жалпыадамзаттық құндылықтар күні ретінде енді. Бұл күні республикамыздың барлық мектептерінде жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағаты өтуде. «Щучинск қаласының №1 мектеп – гимназиясы» ММ-де сынып сағаттары өтті. Мектептің 1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарының әзірлемелеріне жауапкершілікпен және мұқият қарады, «бақытты өмір» ұғымының мәнін ашуға тырысты, балаларға жалпыадамзаттық құндылықтар әр адамға оның өмірінде ауа ретінде қажет екенін, оларсыз үйлесімділік пен тыныштықты табу мүмкін еместігін түсіндірді. Кейбір мұғалімдер  өзін-өзі тану мұғалімдерімен жалпыадамзаттық құндылықтарды тереңірек ашу үшін кеңес берді. Балалар бейнероликтерді қарап, талқылады, коллаждар жасады, олар үшін маңызды және басты нәрселер туралы айтты, ізгі тілектерімен және өтініштерімен бөлісті.    

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары: Б.Н.Абдульманова; В.С.Винокурова 

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст