Оқушылардың ғылыми жарыстарының республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында 2020 жылғы 5-13 қарашада онлайн режимінде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне Бурабай ауданының командасы құрамында «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» ММ оқушылары да қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен 11-А сынып оқушысы Риза Нұрпанова (жоба жетекшісі А.К.Мусаипова ) және 9-б сынып оқушысы Әлихан Махметов (жоба жетекшісі А.М.Мухамеджанова) марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Оларға келешекте де жетістіктер тілейміз!