Текст
30 қарашада «Щучинск қаласының №1 мектеп – гимназиясы» ММ –де мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақмола облысы Дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ақпараттық түсіндіру жұмысы бөлімінің теолог-маманы Т.К. Шариповпен жоғары сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: « Зайырлылық – қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі» ZOOM платформасында өтті. Кездесу құқықтық сана мен мәдениетті, діни сауаттылықты қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы мақсатында өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Абдульманова